
Сенбіден бастап Қазақстанда жәрдемақы көлемі өседі, орманшылардың еңбекақысы көбейеді. Қазақстандықтарды жағымсыз жаңалықтар да күтіп тұр: газ, жылу тарифтері, электр энергиясы қымбаттайды.
1 шілдеден бастап елдегі такси жүргізушілері мен курьерлер салық төлей бастайды. Десе де бұл пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылады. Сондықтан Қаржы министрлігі бұған тек тілек білдірушілер қатысатынын нақтылап отыр. Ол үшін олар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, онлайн-платформаға тиісті құжаттарды ұсынуы керек. Содан кейін операторлар ай сайын олардан жарты жылдық табысының 1 пайызын алады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, елімізде 500 мыңнан аса курьер бар. Мемлекеттік кірістер комитеті жобаны алғашында такси жүргізушілеріне сынап, кейін жеткізу қызметкерлерін қосатынын атап өтті.



