
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының Абай атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі «10 тамыз — Абай күні» аясында қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, философ Абай Құнанбайұлының 178 жылдығына орай «Абай әлемі» байқауын өткізеді.
Байқаудың шарттары: Байқау екі кезеңнен тұрады. Қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу қойылмайды.
І кезең – «МЕН ЖАЗБАЙМЫН ӨЛЕҢДІ ЕРМЕК ҮШІН …».
1) Қатысушы инстаграм желісіндегі shymkent_madeniet, abay_kitaphana парақшаларына тіркелу қажет.
2) 2023 жылғы 6 – 30 шілде аралығында Абай Құнанбайұлының кез келген бір шығармасын мәнерлеп жатқа оқып, 2-3 минуттан аспайтын бейнематериал түсіруі тиіс. Түсірілген бейнематериалды ұйымдастырушылардың WhatsApp және Telegram желілері арқылы төмендегі телефон номерлеріне жіберу керек 8-701-368-88-71, 8-705-844-07-63. Бейнематериал кітапхананың инстаграмдағы abay_kitaphana парақшасында жарияланады. Ең көп қаралым жинаған 20 қатысушы байқаудың ІІ кезеңіне өтеді.
ІІ кезең – «ЖЕЛСІЗ ТҮНДЕ ЖАРЫҚ АЙ».
Байқаудың екінші кезеңі 2023 жылғы 10 тамызда, сағат 20.00-де Абай саябағында өтеді. Қатысушылар екі шарт бойынша сынға түседі.
Ақынның бір шығармасын жатқа, мәнерлеп оқиды (2-3 минут).
Абай туралы естеліктер, деректер, т.б. айтып береді (2-3 минут).
Байқау сарапшылары қатысушыларды бағалау кезінде:
байқаудың шарттарына сәйкес әлеуметтік желідегі белсенділігіне;
өлеңді жатқа, мәнерлеп, нақышына келтіріп орындау шеберлігіне, білімділігіне, тапқырлығына;
сахна мәдениетіне, өзін-өзі ұстауына, киім үлгісіне баса назар аударады.
Марапаттау
І орынға – «Apple ІPhone 14» ұялы телефоны;
ІІ орынға – «Абай жолы» (4 томдық) романы;
ІІІ орынға – Абай суреті бейнеленген арнайы сыйлықтар (футболка,
кепка, шопер) табысталатын болады.



