04/06/2026

18+

Қоғам Түркістан облысында мемлекеттік ревизордың парақорлығы әшкереленді

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Түркістан облысында мемлекеттік ревизордың парақорлығы әшкереленді

Үш облыста мемлекеттік аудиторлар білім саласындағы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін жасыру үшін пара алған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, қылмыстық істердің материалдары сыбайлас жемқорлық фактілерін растап отыр. Жетісу, Алматы және Түркістан облыстарында мемлекеттік аудиторлар мектептердегі аудиторлық тексерістің оң қорытындысы үшін пара алған.

«Мәселен, Жетісу облысында бюджет қаражаты «өлі жандардың» шотына ақша аудару және мектеп қызметкерлерінің жалақысын асыра есептеп, кейіннен оларды қолма-қол ақшаға айналдыру және иемдену арқылы ұрланған. Тергеу барысында Алматы облысы Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы 500 мың теңге пара алғаны әшкереленді. Ол Талдықорған қаласындағы мектептердің бірінде аудиторлық тексерістің оң қорытындысы үшін пара алған. Қазіргі уақытта аудитор сотқа тартылды», — делінген хабарламада.

Осыған ұқсас факті Алматы облысында да анықталған. Онда облыстық тексеру комиссиясы бөлімінің басшысы Қарасай ауданы білім бөлімінің бухгалтерінен аудиторлық тексерістің оң нәтижесі үшін 1 млн теңге пара алған. Бұл факті бойынша Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ Түркістан облысында мемлекеттік ревизор – облыстық тексеру комиссиясы бас инспекторының парақорлығы әшкереленді. Ол Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде аудиторлық тексерістің оң қорытындысы үшін 26 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді. Күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Антикор.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -