04/06/2026

18+

Қоғам Шымкентте кісі өлтірмекші болған күдіктіге іздеу жарияланды

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Шымкентте кісі өлтірмекші болған күдіктіге іздеу жарияланды

Шымкентте кісі өлтірмекші болған күдіктіге іздеу жарияланды, — деп хабарлайды otyrar.kz.

Шымкент полиция департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасымен 28.04.1994 жылы туған Тойшыбек Бағлан Нұрланұлына іздеу жариялады. Күдіктінің бұрынғы мекенжайы – Шымкент қаласы, Самал-1 мөлтек ауданы, Еркіндік көшесі, 34-үй.
 
Тойшыбек Бағлан Нұрланұлы 2021 жылы 24 қарашада сағат 20:00 шамасында Күншығыс мөлтек ауданы №3 үй жанында жергілікті азаматты бірнеше рет пышақтап, ауыр дене жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 24- 99-бабы 1-бабы «Кісі өлтіруге оқталу» бойынша тіркелді.
 
Алайда, ер адам тергеу мен соттан бой тасалап тұрғылықты мекенжайынан көшіп кеткені анықталды.  2021 жылы Тойшыбек Бағланға екі рет іздеу салынған, олардың бірі – халықаралық іздеу. Алайда бұл нәтиже бермеген.

«Сондықтан, суретте көрсетілген ер адамды көрген білгендер болса, бірден полицияның «102» арнасына немесе ( 8-771-671-56-63 ) 57-27-42, 51-22-01, 57-27-60, 57-01-02, факс: 57-03-41 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз», — делінген хабарламада.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -