03/06/2026

18+

Қоғам Қазақстанда ЖОО оқытушылары мен әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өседі

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Қазақстанда ЖОО оқытушылары мен әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өседі

Премьер-министр Әлихан Смайылов «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Үкімет қаулысына қол қойды.

Құжатта жазылғандай, енді мына мамандардың жалақысы өседі:

  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан басқа білім беру ұйымдарының педагогтері:
  • мәдениет және өнер саласындағы ерекше мәртебесі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамын және басшы қызметкерлері;
  • стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналының жұмыскерлері;
  • медицина және фармацевтика қызметкерлерін қоспағанда, азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйым қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорын жұмыскерлері.

Қаулыға сай, аталған санаттағы қызметкерлердің лауазымдық айлықтары енді келесі коэффициенттерді қолдана отырып есептеледі:

  • 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23 мөлшерінде;
  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,45 мөлшерінде;
  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,71 мөлшерінде;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде.

Ал, Қорғаныс министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысы мына коэффициенттерді қолдана отырып көтеріледі:

  • 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,32 мөлшерінде;
  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,74 мөлшерінде;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 3,2 мөлшерінде.

Қаулы 1 тамыздан бастап күшіне енеді және ол биыл 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -