04/06/2026

18+

Қоғам Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы қайтыс болды

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы қайтыс болды

Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы Батылжан Шерханұлы қайтыс болды.

Қаралы хабарды журналист Бану Дәулетбаева естіртті.

«Шерхан Мұртазаның ұлы қайтыс болды деген хабар жетті. Жалғыз ұлы еді. Тұлпардың соңғы тұяғы…», — деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Қазақстан Жазушылар одағы Massaget.kz тілшісінe ақпаратты растады.

«Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның жалғыз тұяғы Батылжан Шерханұлы дүниеден озғаны жөнінде қаралы хабарды жеткіземіз.

Жаназасы Самал-1 шағынауданы, №16 үй, 7-пәтер
2023 жылғы 28 шілде күні сағат 10:00-де шығарылады», — деді одақтың өкілі.

Жерлеу рәсімі Алматыдағы «Кеңсай-2» зиратында өтеді.

Айта кетейік, Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның бір ұл, бір қызы бар. Ұлы — Батылжан Шерханұлы, қызы — Алма Шерханқызы.

«Ағам Батылжан­ Шерханұлы журналистика факультетін қызыл дипломмен тамамдаған. Баспада жұмыс істеп, Бақытжан Момышұлы екеуі әкемнің «Қызыл жебесін» аударды. Кейіннен ағам жеке кәсіппен айналысып кетті. Әкем бізге өз шығармаларын оқуға үгіттемейтін.

Әкем жұмыс бөлмесінде жазу жазып отырғанда үйге қонақ келіп қалса, анамыз «Тссс, жай жүріңіздер, ақырын сөйлеңіздер» деп жүретін. Ондайда әкем «Емін-еркін отыра беріңіздер» деп жымиюшы­ еді. Барлық ақын-жазушылар сияқты үй шаруасына икемсіз болды. Бірақ бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлетін. Ағамды спортқа берді. Оны хоккейге өзі апарып, өзі алып келетін», — деп жазған Алма Шерханқызы естеліктерінде.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -