04/06/2026

18+

Қоғам Түркістан облысына 200-ден астам дәрігер қажет

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Түркістан облысына 200-ден астам дәрігер қажет

Түркістан облысында дәрігер мамандар тапшы. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында мәлім болды.

Өңірде бейінді мамандар арасында 258 маман жетіспейді.

Атап айтар болсақ, анестезиолог-реаниматолог, офтольмолог, лор, кардиохирург, травматолог, кардиолог, неврпатолог, нефролог, онколог, патологоанатом, радиолог, неонатолог, жедел жәрдем дәрігері секілді кадрлар тапшы.

«Ана мен бала денсаулығын сақтау, ауылдағы медицинаны жағдайды жақсарту, әлеуметтік маңызы бар ауруларды төмендету сияқты мәселелер аса маңызды. Ұлттық жобадағы жоспарларды жүзеге асыруға толық мүмкіндік бар. Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне баса назар аудару қажет. Алдын алу жұмыстары бойынша халыққа түсіндірме жұмыстары дер кезінде жеткізу керек», — деді облыс әкімі Дархат Сатыбалды.

«Дені сау ұлт» ұлттық жоба аясында өткен жылы медициналық нысаны жоқ ауылдық елді-мекендерде 11 медициналық пункт құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.

2023 жылға 16 нысанның құрылысы жоспарланған.

Мәжілісте жас мамандарды жұмысқа тарту үшін дәрігерлерге қолдау көрсетіп, ынталандыру мәселесі талқыланды.

«Бүгінгі таңға облыс бойынша жалпы 24 597 медицина қызметкерлері бар. Оның ішінде 5 481 дәрігер 19 116 орта буынды медициналық қызметкерлер құрайды. Қазіргі таңда 258 бейінді дәрігерлерге деген тапшылық орын алуда. Оның бірден бір себебі — резидентурада оқыту мерзімінің ұзақтығы деуге болады. Тапшылықты жою мақсатында 2023 жылы жергілікті бюджет есебінен бірінші рет 60 грант бөлінді»,-деді Түркістан облысының денсаулық сақтау басқарма басшысы Асхан Байдувалиев.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -