04/06/2026

18+

Қоғам Мобильді аударым арқылы ақы алған кәсіпкерлерге 172 мың теңгеге...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Мобильді аударым арқылы ақы алған кәсіпкерлерге 172 мың теңгеге дейін айыппұл бар

Қазір кейбір кәсіпкерлер банкте ашылған жеке шотына сатылған тауар, қызметтер үшін мобильді аударым арқылы ақы алады. Алайда, бұл аударымдар бақылау-касса машинасы мен POS-терминал қолданбай, тиісінше чек берілмей жүргізіледі. Бұл — ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген заң бұзушылық.

Қайтадан заң бұзу кезінде салық төлеушінің субъектіне қарай салынатын айыппұл — 15-тен 50 АЕК-ке дейін.

Қазақстан Конституциясына сәйкес салық төлеу — әркімнің міндеті.

Салық органдары заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығару мақсатында тиісті бақылау жүргізеді.

2024 жылдан бастап банк ұйымдарыжеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бойынша деректерді бере бастайды.

Күнтізбелік үш ай қатарынан ай сайын 100 түрлі тұлғадан мобильді аударым алған азаматтар бақылауға алынады.

БКМ қолдануды жеңілдету үшін 2022 жылдан бастап БКМ функцияларын екінші деңгейдегі банктердің POS-терминалымен біріктіру бойынша пилоттық жоба іске асып жатыр.

Бұл БКМ мен POS-терминалдың бір чегін беруге мүмкіндік береді.

Пилоттық жобаға «Каспий банк» АҚ, «Халық банк» АҚ және «Банкцентркредит» АҚ қатысуда.

Сонымен қатар, БКМ чегін бермеу фактілерін анықтау бойынша «Азаматтық бақылау – Чек талап ет» акциясы өтіп жатыр.

Анықталған бұзушылықтар жайында «Wipon cashback» тегін мобильді қосымшасы арқылы хабарлауға болады.

«Жоғарыда аталған өзгерістер адал салық төлеушілерге әсер етпейтініне және тек заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталғанына назар аударамыз. Яғни, жеке тұлғалар, бұрынғыдай, өздерінің жеке мақсаттары үшін — туыстарына, достарына, ата-аналары мен балаларына және басқа да өмірлік жағдайларға арналған аударымдарды жасай алады және қабылдай алады» деп хабарлады мемкірістер комитеті.

Негізінен салық органдары бизнесті заңды жүргізу үшін бүкіл қолайлы жағдай жасады, салық мөлшерлемесі төмен режимдерді қарастырды.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -