04/06/2026

18+

Қоғам Прокурор Нұрлан Мәсімовті 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Прокурор Нұрлан Мәсімовті 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов 13 жылға сотталуы мүмкін. 

Облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов пен оның орынбасары Дамир Сиразидимовқа, сондай-ақ кәсіпкер Евгений Евковичке қатысты сот отырысы жалғасуда.

“Жоғарыда айтылғандардың негізінде соттан Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовті ҚР ҚК 366, 189 және 392-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп тануды сұраймын. Алакөл ауданындағы екі қабатты саяжай мен моншаны тәркілеп, Алматы қаласындағы тұрғын үйлердің біріндегі сауна мен демалыс бөлмесінің жертөлесін жөндеу үшін пара ретінде алған 16 миллион теңгені қайтаруын және мемлекеттік қызметте, соттарда және қаржы ұйымдарында лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыруды өтінемін», — деді Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының прокуроры Азамат Ғарифолла.

Сондай-ақ Прокурор сотталушыдан мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыруды және «Айбын» екінші дәрежелі орденімен бірге полиция генерал-майоры атағын қайтаруды сұрады. Сотталушының өзі кінәні мойындамады және «ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовпен туыстық байланыстары бар болған соң ғана айыпталып отырмын» деп санайды.

Айта кетейік, сотталушы Нұрлан Мәсімов мемлекет қаражатын 423 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінді.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -