03/06/2026

18+

Қоғам Кентау әкімінің орны 4 миллион теңгеге бағаланған

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Кентау әкімінің орны 4 миллион теңгеге бағаланған

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Кентау қаласының әкімі лауазымын 4 миллион теңге ұсынған әйелге қатысты үкім шығарды, — деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Сотта мәліметінше, жауапкер Д., Кентау әкімі лауазымына жұмысқа орналастырамын деген желеумен А.-мен 4 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйақыға келіскен. Ол А.-дан 650 мың теңге алдын ала төлем алған. Сонымен қатар, әйел М.-дан 4 миллион теңгеге банк директоры қызметіне орналастырамын деп, 3,6 миллион теңге көлемінде қаражат алған.

«Сотталушы қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаудағы кінәсін толық мойындамады. Д.-ның кінәсі жәбірленушілер мен куәлардың айғақтары, хат-хабарлардың скриншоттары, аудиохабарламалар және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді», — деп түсіндірді сот.

Сотталушы келтірілген шығынды ішінара өтеген. Сонымен қатар, сот әйелдің үш кішкентай баласы барын назарға алды.

«Осы баптың санкциясында шектеу немесе 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Сот үкімі бойынша, Д. ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1, 4-тармақтарында («Ірі көлемде, бірнеше рет жасалған алаяқтық») көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды», — делінген хабарламада.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары толығымен қанағаттандырылды.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -