03/06/2026

18+

Қоғам Қазақстанда оқушыларға берілетін материалдық көмектің ең төменгі мөлшері белгіленді

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Қазақстанда оқушыларға берілетін материалдық көмектің ең төменгі мөлшері белгіленді

Биыл әр балаға мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға бөлінетін материалдық көмек сомасының ең төменгі мөлшері – 40 567 теңге болып белгіленді. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлім етті.

«Өткен жылы біздің министрлік көп балалы және аз қамтылған ата-аналардың талаптарын ескере отырып, мектеп қажеттілігіне қаражат аудару туралы Үкімет қаулысына өзгеріс енгізілді. Оған сәйкес әр балаға мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға бөлінетін қаражаттың ең төменгі мөлшері – 40 567 теңге болып белгіленді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бөлінетін сома 17 мыңнан басталған еді» — деді Еділ Оспан Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, ата-аналарға баласына мектеп формасы мен оқу құралдарын алу кезінде таңдау беріледі.

«Енгізілген өзгерістер ата-аналар мен балаларға бірге мектеп формасын, аяқ киімді, кеңсе тауарларын, әрі жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аталған жаңашылдық балаларға бұрыңғыдай сапасыз тауарлардың берілуіне жол бермейді», — дейді министрдің орынбасары.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -