03/06/2026

18+

Қоғам "Ресей тарихы, 1945 жыл мен ХХІ ғасырдың басы": Мәскеу...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

«Ресей тарихы, 1945 жыл мен ХХІ ғасырдың басы»: Мәскеу билігі Украинадағы соғысты ақтайтын оқулық шығарды

Мәскеу билігі Украинамен соғысты ақтап, Батысты Ресейді құртуға тырысты деп айыптайтын жаңа оқулық шығарды. Бұл туралы BBC арнасы хабарлайды.

Ресейде мектеп оқушыларына Владимир Путин Украинаға қарсы «арнайы әскери операциясын» бастамағанда адамзат өркениеті жойылуы мүмкін еді деп үйретеді. 

«Ресей тарихы, 1945 жыл мен ХХІ ғасырдың басы» деп аталатын оқу құралын президенттің кеңесшісі, Ресейдің бұрынғы мәдениет министрі Владимир Мединский жазған. Бұл ресейлік мектептерде қолданылатын алғашқы ресми бекітілген тарих оқулығы. Кітапта 2022 жылдың ақпанында Ресейдің Украинаға басып кіруі сынды соңғы оқиғаларды баяндайды. 

Қыркүйек айынан бастап ол Ресейде 11 сынып оқушыларына оқытылады. Оқулықта «Батыс Ресейдің ішіндегі жағдайды тұрақсыздандыруға құмар» деп, осы мақсатқа жету үшін батыс державалары «ашық орысфобияны» таратып жатқаны айтылған. Сондай-ақ Батыстың түпкі мақсаты – Ресейді жойып, оның қазба байлығын өз бақылауына алу делінген оқулықта.

Оқулықта Украина ұлтшыл экстремистер басқаратын ел ретінде көрсетілген. Онда елді Ресейге қарсы пайдаланатын Батыстың айла-шарғысындағы агрессивті мемлекет ретінде бейнелеген. Кітаптағы деректерге сәйкес, Украина Ресейді жек көру үшін жасалған Батыстың өнертабысы. Тіпті Украинаның көк-сары туын австриялықтар ойлап тапқан делінеді.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -