04/06/2026

18+

Қоғам "Қоштасу хатын қалдырған". Түркістан облысында 24 жастағы қыз суицид...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

«Қоштасу хатын қалдырған». Түркістан облысында 24 жастағы қыз суицид жасамақ болған

Түркістан облысында 24 жастағы қыз суицид жасамақ болған. Тәртіп сақшысы өз-өзіне қол жұмсамақ болған қызды құтқарып қалды, — деп хабарлайды Polisia.kz. 

Түнде павлодарлық жігіт Төле би АПБ-ға қоңырау шалып, Түркістан облысында тұратын танысы өз-өзіне зиян келтіргелі жатқанын және оны тез арада құтқару керегін хабарлаған.

Полиция қызметкерлері бірден қыздың тұрғылықты мекенжайын анықтап, сол жерге барған. 

Тәртіп сақшылары қыздың анасына қоңырау арқылы келгендерін түсіндірген, алайда әйел қызының өз бөлмесінде ұйықтап жатқанын айтқан. Тәртіп сақшылары сенімді болу үшін үйді тексермек болған. Осылайша, олар қыздың бөлмесінде жоқ екенін және ол асүйде қоштасу хатын қалдырғанын анықтаған. Олар үйдің барлық жерін аралап, қызды таппаған. Тәртіп сақшыларының бірі үйдің төбесіне апаратын баспалдақты байқап, оған көтеріліп, сол сәтте арқанға ілулі тұрған қызды тапқан. Олардың бірі қызды көтеріп, екіншісі ілмекті кесіп тастаған.

Содан кейін полиция қызметкрелерінің бірі қызға алғашқы медициналық көмек көрсете бастады: олар қыздың жансызданған аяқ-қолын уқалап, жасанды тыныс беріп, жедел жәрдем шақырды. Полицейлер 24 жастағы қызды өлімнен құтқарып қалды. Қазір оның жағдайы тұрақты.

Оқиғаның толық мән-жайы әлі де анықталып жатыр.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -