03/06/2026

18+

Қоғам Астанадағы дау тудырған жәрмеңке уақытынан бұрын аяқталды

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Астанадағы дау тудырған жәрмеңке уақытынан бұрын аяқталды

Астанада Тәжікстанның мәдени күндері аясында өткен көрме-жәрмеңке уақытынан бұрын аяқталды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі ресми сайтында хабарлады.

Әкімдік мәліметінше, көрме-жәрмеңкеде елорда қонақтары мен тұрғындарына Тәжкістаннан жеткізілген өнімдердің алуан түрі ұсынылған. Олардың арасында жаңа піскен көкөністер, жемістер және бақша дақылдары сияқты ауыл шаруашылығы өнімдері, бал, тәттілер, түрлі сусындар, қолөнер бұйымдары, табиғи материалдардан жасалған кәдесыйлар, киіз, тоқыма, тоқылған және соғылған сәндік бұйымдар, сондай-ақ пышақтар мен әлемге әйгілі тәжік атласы бар. Қала әкімдігінің хабарлауынша, жәрмеңке уақытынан бұрын аяқталған. Себебі жеткізілген өнімдер екі күн ішінде сатылып кеткен. Бұл ретте жәрмеңкеге 100 мыңнан астам адам келген.

«Астанаға өз тауарларымен Соғды облысының 300-ге жуық ауыл шаруашылығы өндірушісі келді. Көрме-жәрмеңкеде олар 1000 тоннадан астам өнім сатты», – делінген хабарламада.

Әкімдік сонымен қатар келушілерге қыш және ұсталардың темірден соққан туындылары, ағаш өңдеу, көркем кескіндеме, тоқу және басқа да ерекше техникаларды қоса алғанда тәжік халқының ұлттық ерекшеліктері көрсетілгенін атап өтті. Жәрмеңкедегі ерекше сәттердің бірі – арнайы концерт ұйымдастырып, Тәжікстан шеберлерінің өнерін паш етуі болған.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде бұл жәрмеңкеден видеолар таралды. Кадрлардан адамдардың жемісті аяғымен басып, талап алып жатқанын көруге болады. Адамдардың әрекеті желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Олардың айтуынша, тегін ұйымдастыру деген нәрсеге тыйым салу керек.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -