03/06/2026

18+

Қоғам Астанада тұруға арналмаған жерді жалға бергендер жазаланады - министр

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Астанада тұруға арналмаған жерді жалға бергендер жазаланады — министр

Тұруға арналмаған орынды жалға беріп жүргендерге жауапкершілік күшейеді. Еңбек министрлігінде өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске сала кетсек, бүгін таңертең үкіметте Еңбек министрі Астанаға келушілерді реттеу қажет деп мәлімдеме жасаған еді. Алайда министрліктің өзінде өткен брифингте сұрақты дұрыс түсінбегенін, шектеудің болмайтынын айтты.

«Шектеуге қатысты тоқталайын. Астанада тұруға, келіп-кетуге шектеу жоқ. Мұндағы шектеу тек адам тұруға арналмаған ғимаратты жалға бергендерге қатысты болады. Мысалы, гараж. Оны жалға алып тұрғандар бар. Оған (адамды) тіркеуге алынбайды. Осы нысанды жалға берген адамның жауапкершілігін күшейту туралы ұсыныс жасалды: айыппұл мөлшерін 15 АЕК-тен 30 АЕК-ке (51 750 теңгеден 103 500 теңгеден) дейін көтеру«, — деп түсіндірді Тамара Дүйсенова.

Бұған дейін министр Астанаға келушілерге ешқандай шектеу қойылмайтынын айтқан болатын.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -