03/06/2026

18+

Қоғам ​​Түркістандық полицейлердың қамаудағыларды қалай азаптайтыны белгілі болды​

-

- Advertisment -
- Advertisment -

​​Түркістандық полицейлердың қамаудағыларды қалай азаптайтыны белгілі болды​

Түркістан облысының прокуратурасы аймақта полицейлердің адам азаптағаны туралы айтты. Прокурор орынбасарының сөзінше, полицейлер адам азаптау кезінде түрлі әдіс қолданған. Бұл туралы Erkinsoz.kz тілшісі Азаттық Радиосына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Басқа дорба кигізіп, ұрып-соққан, психологиялық қысым жасаған. «Кінәні тұтас мойныңа ал әйтпесе мойныңа тағы басқа қылмыс ілеміз, жақындарыңа қысым жасаймыз» деп қорқытқан»,- деп мәлімдеді Түркістан облысы прокурорының орынбасары Саят Келдібеков.

Оның сөзінше, қылмыстың басым бөлігін полиция қызметкерлері жасаған. Прокуратура өкілі олардың әрекетін «өкілетті асыра пайдалану» деп сипаттады.

«Кейбір өтініштерде жәбірленушілер өздеріне қысым жасап, басқа қылмыс үшін айыптамақ болғанын, қарсы куәлік бергенін айтты. Мұның бәрі адам құқығына қайшы. Біз заңға, БҰҰ конвенциясы мен өзге де ережелерге бағынуға тиіспіз, бірақ соған қарамастан заңбұзушылықтар бар»,- деді Саят Келдібеков.

Прокурордың айтуынша, азаматтар біраз уақыт өтіп кеткеннен кейін азаптауға қатысты  шағымданып жатады. Алайда ондай кезде азаптауды дәлелдеу қиынға соғады дейді. 

Жыл басынан бері Түркістан облысының прокуратурасына азаптау бойынша 36 шағым түскен және барлығында-дерлік шағымданушылар полиция қызметкерлерін «билік өкілетін асыра пайдаланды» деп айыптаған. Прокурордың сөзінше, айыпталушылардың көбі 3-6 жыл аралығында бас бостандығынан айырылған.

Шілде соңында Түркістан қалалық соты «адам азаптады» және «заңсыз ұстады» деп айыпталған 6 полиция қызметкерін түрме жазасына кескен. Іс материалдарына қарағанда, полицейлер екі ер адамды «қой ұрлады» деген күдікпен ұстап, оларды мойындатқызу үшін азаптаған.

Халықаралық және қазақстандық құқық қорғаушылар Қазақстанның қамау орындарындағы азаптауды жоюға үндеп келеді.

Биыл көктемде БҰҰ Азаптауға қарсы комитетінің өкілдері Қазақстандағы бірқатар қамау орындарын аралап, «Қазақстан тұтқындарды азаптаудан қорғау үшін тиісті шараларды жүзеге асыруға тиіс» деп мәлімдеген.

Қазақстан билігі азаптаумен күресіп келе жатқанын жиі айтады, алайда азаптау бойынша шағымдар азайған жоқ.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -