03/06/2026

18+

Қоғам Марқұм ағасының інісі оның қыздарын күң етіп, малдың соңына...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Марқұм ағасының інісі оның қыздарын күң етіп, малдың соңына салып қойған

Түркістан облысында апалы-сіңілі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болған. Бұл жағдайды қыздардың сыныптастары «Көреміз» бағдарламасына айтқан.

Түркістан облысының тұрғындары Гүлсімжан Әділжанова мен Айша Мұстафина 11 жыл бір партада отырған сыныптастарының жай-күйіне алаңдап, бағдарламаға жүгінген. Олардың сөзінше, сыныптастарын туған ағасы еңбек құлдығына жеккен. 

Екі қыздың бірі Назгүл 1991 жылы, екіншісі Құндыз 1996 жылы дүниеге келген. Екеуі де Мұхтар Шаханов атындағы мектепті бітірген. Қыздардың бірінің сыныптасы Гүлсімжан оларды мектеп бітіргелі көрмегенін, бірақ мектеп кезінде мұндай болмағанын айтады.

«Қыздар тек нан мен су ішеміз» дейді. Қыздардың үстіндерінде майка мен шалбар ғана. Ішінде ішкиім де жоқ. Не төбесі, не астарында ішкиімдері жоқ. Үйді толық аралағанда, тіс щеткасы мен паста, сабын, басын жуатын сусабын көрмедім. Үстерінен қоңырсық иіс шығып тұр», — дейді қыздардың бірінің сыныптасы Айша Мұстафина да.

Апалы-сіңілі мектеп кезінен адам танымастай өзгерген.

«Шынымды айтсам, танымай қалдым. Сүйек болып кеткен. Арқасы бүкірейіп кеткен. Мектеп кезінде олар ондай емес еді. Түрі әдемі, сабаққа барып-келетін қыздар еді. Үстерінің бәрі жара, шаштарын қысқа алып тастаған. Малды да, итті де олай қорламаймыз ғой», — дейді сыныптасы Гүлсімжан Әділжан.

Қыздардың мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, мемлекеттен жәрдемақы бөлінген. Гүлсімжан Әділжанның сөзінше, ағасы екі қарындасына бөлінген қаражатты алып, оның үстіне күн ыстықта мал бақтырады.

Ал қыздардың тағы бір сыныптасы Айша Мұстафинаның сөзінше, апалы-сіңілінің анасы аурушаң болған, әкелері қайтыс болған. Айша Мұстафина қыздар анасы бар кезде таза жүретінін, 9-10-сынып оқып жүрген кезде аналары қайтыс болып, ағасы қолына алғанын, содан бастап жағдайлары нашарлағанын айтады.

Қазір апалы-сіңілі адамсенгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр екен. 

«Қорада малшыға арналған үй салынған. Соның ішінде. Азаннан кешке дейін мал бағады. «Айлығымызды басшы береді. Бірақ ағам алады» деп отыр. Екеуі дүкенге барған емес. Ішкиімдері де жоқ. Құндыздың беті жара-жара. Таяқ жеген шығар деп ойладық. Ішін ашып көрдік, ішкиім жоқ. «Астарыңда ішкиім бар ма?» дедік, ашып көрсетіп жатыр, жоқ. Мына заманда ішкиімсіз өмір сүру дегенді білмеймін. Бұл қыздардың зейнетақысы бар, жұмыс істеп жатыр», — дейді сыныптастары.

Қыздарды алғашында Қанат Әбілдаев есімді немере ағасы қолына алған. Ал оларға Үкіметтен үй де берілген. Алайда олардың немере ағасы Қанат Әбілдаев үйден бас тартқан. Қанат Әбілдаев қолында тұрған кезде қыздардың жағдайы қандай болғанын айтты.

«Оқушы тұғын. Жағдайлары орташа еді. Денсаулықтарында кінәрат болды. Сөйлемейтін, тұйық еді. Ақыл-есі шамалы кемдеу еді. Дәрігер қойды (диагнозды — еск.). «Бастары істемей қалады, ұмытып қалады» деді. Екі қыз тіркеуде тұр. Мектеп бітіргеннен кейін болды. Дәрілер ішіп жүретін. 2016 жылдан кейін көрген жоқпын», — дейді ол.

Қанаттың қолынан кейін қыздарды Сәулебек Әбілдаев есімді немере ағалары алып кеткен. Алғашында бала бағысуға көмекке деп алып, кейін біржола әкеткен.

«Бұл қыздар қолыма келгеніне 7 жылдай болды. Ауырады. Өзімнің жауапкершілігім болғаннан кейін қасымда ұстаймын. Мемлекеттен ақша бөлінеді, біреуіне 89 мың, біреуіне 71 мың. Әрдайым ауруханаға апарып тексеріп тұрамыз. Кішкентайы туберкулез болғаннан кейін келіншегім жұғады деп қорықты», — деп түсіндірді ол қыздардың бөлек тұруын себебін.

Ал қыздардың қазіргі жағдайы адамшошырлық күйде.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -