03/06/2026

18+

Қоғам Көлік компанияларына қойылатын талап күшейді

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Көлік компанияларына қойылатын талап күшейді

Қалада жол инфрақұрылымын дамыту, жолаушылар тасымалдау қызметі сапасын арттыру бағытында жүйелі іс-шаралар жүргізілуде. Қоғамдық көлік бағыттары кезең-кезеңімен жаңа автобустармен толығып, жол жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылуда.  Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов @akimat_shymkent инстаграм парақшасында өткен тікелей эфир барысында айтты.

«Шымкент қаласындағы қоғамдық көлік компанияларына қойылатын басты талап – бәсекеге қабілетті болу. Қазіргі таңда жолаушылардың талабын орындамайтын тасымалдаушылармен келісімшарт бұзылады. Шаһарда автобустарды жаңартып, аралық интервалды сақтау, қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау талап етілуде. Сонымен бірге, субсидия алатын тасымалдаушыларға да талап күшеюде. Қазір шалғайдағы барлық елдімекендер жаңа автобустармен толық қамтылды. Қазір бәсекенің,  нарықтың заманы»,-деді басқарма басшысы.

Мәселен бүгінде қызмет көрсету сапасы жолаушылардың көңілінен шықпаған «Бек-Сервис» және «MAN Оңтүстік» компанияларымен келісімшарт біржақтама бұзылды. Себебі жолаушылар тарапынан, ауа баптағышы жоқ, интервал сақталмайды, автобус ескі деген мәселелер көтерілген болатын.

Жаңа автобустар кезең-кезеңімен жаңартылып, қалада жаңа аялдамаларды орнату жұмыстары қолға алынған. Қалада 1886 аялдама орны болса, 442-не аялдама жетіспейді. Соның бәрі кезең-кезеңімен ауыстырылады.  2021-2025 жылға арналған даму жоспарына сәйкес, 5 жылда 1050 аялдама қою жоспарланып отыр. Бүгінге дейін 670 жаңа аялдама қойылды. Бес жылда аялдамаларды жаңарту 83 пайызға жетпек. Жалпы  жыл басынан бері басқарма тарапынан қала бойынша 63 аялдама демонтаж жасалып, шалғайдағы елдімекендерге орнатылды.

Эфир барысында тұрғындар тарапынан осы бағыттағы сауалдар жолданды, сала жетекшісі әрбір сұраққа жеке-жеке жауап берді.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -