03/06/2026

18+

Қоғам Білім басқармасы: Ерте жүкті болған оқушы қыздардың аналары "жеңіл...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Білім басқармасы: Ерте жүкті болған оқушы қыздардың аналары «жеңіл жүрісті» есебінде тұр

Шымкентте кәмелетке толмаған екі қыз жүкті болып қалған. Білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева бұған қатысты түсінік берді, — деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Жанат Тәжиеваның сөзінше, екі оқушының да анасы «жеңіл жүрісті» ретінде есепте тұр екен. Ол мұндай жағдайлардың алдын алу үшін ата-аналардың жауапкершілігін күшейтіп, жасөспірімдер арасында ағартушылық жұмыстарын жүргізу қажет деді. Сонымен бірге ведомство басшысы учаскелік инспекторлардың жұмысын да жандандыру қажет деп есептейді.

«Аты-жөнін айтудан аулақпын, екі оқиға болды. Екі қыздың да анасы «жеңіл жүрісті» ретінде есепте тұрғаны белгілі. Бірінші себеп — ата-анасының тәлім-тәрбиесінің төмен. Екінші жағынан ата-анасының баласымен арақатынасы нашар. Біліми, ғылыми жағынан сауатсыздығы. Сондықтан осы бағыттағы жұмысты білім ұйымдарында көбірек насихаттап, дәрігерлерді шақырып, сынып сағаттарын арнайы пән ретінде қойып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Баланың тәрбиесінде учаскелік инспекторлардың  жасөпірімдермен жұмысын жандандыру керек деп ойлаймын. Кеңес дәуірінің заманында тәрбие алғанбыз. Мені ата-аналар телеарнадан көріп, шошып кетуі мүмкін. Шетелде оқушыларға «өзіңді қорға, сақтан» деп мүшеқап тарқатады. Ал біздің қазақтың салт-дәстүрінде «ұят болады» деген бар. «Ондай нәрсеге жолама ұят болады, тәртіпті жөнде» деп айтатын үлкендер.  Ғылыми жағынан сауатты болу керек», — деді ол.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -