03/06/2026

18+

Қоғам Сейітжановтың мал-мүлкі артып келеді

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Сейітжановтың мал-мүлкі артып келеді

19bb7219722063ebb7695edf8c36bca5-e1504768481874.jpg

Forbes Kazahstan басылымы әдеттегіше Қазақстандағы ең дәулетті 50 бизнесменнің тізімін жариялады. Елдегі бай-бағландардың тізімін баяғыша Қазақмыстың қожайыны Владимир Ким бастады. Оның дәулеті 4,6 миллиард долларды құраған.   Екінші және үшінші орындарды Елбасының күйеу баласы мен қызы Тимур және Динара Құлыбаевтар иеленді. Олардың әрқайсысының дәулеті 4,3 миллиард долларды құрайды. Тізімде бұдан әрі Вячеслав Ким (3,6 миллиард доллар), Тимур Турлов (3,1 миллиард доллар), Болат Өтемұратов (2,7 миллиард доллар), Ибрагимовтар отбасы (1 миллиард 320 миллион доллар) тұр. Қазақстандағы доллар миллиардерлердің тізімі осы жетеумен аяқталады.  

Тізімде Оңтүстіктің №1 байы Серікжан Сейітжанов былтырғы жылмен салыстырғанда бір сатыға төмендеп, 23 орынға табан тіреді. Оның биылғы байлығы 360 миллион долларды құрайды. Ал былтыр 331 миллион доллар болған екен. Яғни бір жыл ішінде Сейітжановтар әулетінің ақшасы 29 миллион долларға көбейген деген сөз.

Аталған басылымның берген мәліметіне қарағанда, Сейтжановтар әулетінің меншігінде «Саутс Ойл» компаниясының 57 пайыз акциясы бар. Бұдан бөлек олардың иелігінде «МұнайҚұрылысСервис» құрылыс компаниясы, «Smart-Oil» бұрғылау компаниясы, «Стандарт Цемент» зауыты, «Ак-жол ТрансСервис» ЖШС және мыс өндірумен айналысатын «Standard Steel KZ» серіктестігі бар. 

Отбасының сондай-ақ, жанармай сатумен айналысатын Standard Petroleum & Co компаниясында,  әктас өндіретін «КАС-бетон» және Talas Investment Company химия зауыттарында үлесі бар. 

Сейітжановтардың Rixos Khadisha Shymkent және  Rixos Turkestan, Khanshaiym Plaza деп аталатын қонақ үйлері мен ойын-сауық орталығы бар. Бұдан бөлек аталған әулет Шымкенттегі медицина академиясына, Инновациялық технология колледжіне иелік етеді. 

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -