
Бүгін Forbes журналы Қазақстандағы ең бай адамдардың тізімдерін ұсынды.
Тізімде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева мен оның күйеуі Тимур Құлыбаевтың табыстары қоса есептегенде бір жылда 800 млн долларға көбейіп, ең бай адамдар тізімінде алғашқы үштікке шыққан.
Сондай-ақ, бұл тізімде Н. Назарбаевтың жақындары, оның ішінде Дариға Назарбаева 14-орында, оның ұлы Нұрәлі Әлиев 29-орында, Нұрбол Назарбаев 45-орында тұр.
Қазақстандағы ең бай адамдар тізіміндегі бірінші орынды KAZ Minerals-қа иелік ететін 62 жастағы Владимир Ким қасқайып тұр. Журнал оның байлығын 4,6 млрд доллар деп көрсеткен. Дегенмен Құлыбаевтар отбасының капиталын қоссақ, ол 8,6 миллиард доллар деп.
Нәтижесінде Құлыбаевтар отбасының капиталы бір млрд долларға көбейген.



