04/06/2026

18+

Қоғам Жұмыссыз қалған 80 мұнайшы қайта жұмысқа орналасты

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Жұмыссыз қалған 80 мұнайшы қайта жұмысқа орналасты

«Бералы Маңғыстау Company» компаниясының 80 бұрынғы қызметкері жұмысқа оралды, — деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бералы Маңғыстау Company» ЖШС директоры Ерлан Жүзбаев мекеменің бұрынғы қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жүздесу барысында мекеме басшылығы алдағы жұмыс жоспарын талқыланып, қызметкерлердің ұсыныстары мен талап-тілектерін тыңдаған.

«БерАли Мангистау Company» ЖШС алдағы дүйсенбіден бастап кен орнында жұмыс бастайды. Серіктестік биыл ақпан айында «ӨзенМұнайГаз» АҚ-дан құны 666 млн теңге болатын ұңғымаларды жою жұмыстарының көлемін ашық тендерде жеңіп алды. Жұмыс 1 сәуірде басталуы керек болатын. Алайда қызметкерлер арасындағы еңбек дауына байланысты тараптармен келіссөздер жүргізіліп, ұңғымаларды жою жұмыстарына 15 мамырдан бастап серіктестіктің бұрынғы қызметкерлері жұмылдырылатын болды», — деп жазылған компания таратқан мәліметте.

Сондай-ақ, компания басшылығы алдағы уақытта жұмысшылармен ортақ келісімде жұмыс атқаратындықтарына сенім білдірген.

Еске салайық, 10 сәуірде Астанаға 60-70-ке жуық жұмысшы келіп, Энергетика министрлігі ғимарат маңында пикетке шыға бастаған болатын. Жиналғандар өздерін «Өзенмұнайгаз» штатына («ҚазМұнайГаз»еншілес компаниясы) жұмысқа орналастыруды талап еткен. ҚМГ баспасөз қызметі мәліметінше, олар — тендерден ұтылған, «Өзенмұнайгаз» үшін мұнай сервис қызметтерін орындайтын «БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлері.

Артынша жаңаөзендік мұнайшылардың жұмыссыз қалуына қатысты арнайы комиссия жұмысын бастаған еді.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -