Абай облысы Бородулиха ауданының аумағында орын алған орман өрті бойынша жедел ақпаратты ТЖМ ресми сайты жариялады, деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі.

2023 жылғы 22 мамырда Алтай өлкесінің аумағындағы Новенькое ауылының маңында құрғақ шөптің жануы салдарынан «Семей орманы» МОТР аумағында орман өрті орын алды. Дереу шақыру орнына ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.
Орман шаруашылығының мәліметтері бойынша өрттің алдын ала ауданы 1100 га құрайды. Елді мекендерге қауіп жоқ.
«Орман өртін сөндіруге барлығы 88 бірлік техника (1 өрт пойызы) және 259 адам 56 бірлік техника жұмылдырылды («Семей Орманы» МОТР 147 адам, ТЖМ 27 бірлік техника және 98 жеке құрам, 1 ҚТЖ өрт сөндіру пойызы, 10 адам, 4 бірлік техника, 4 адам ЖАО). Өртті сөндіру үшін Қазавиақұтқару МИ-873 тікұшағы жұмылдырылды. Сондай-ақ, Семей қаласының 68303 ТЖМ әскери бөлімінің жеке құрамы жіберілді», — делінген ақпаратта.



