Ұлттық банк биылдыққа осымен төртінші рет базалық ставканы 16,75% деңгейінде қалдырды. Мұндай шешім инфляция қатерін бағалап, мәліметтерге сараптама жасаған соң қабылданған. Алдағы уақытта баға өсімін азайтып, тұрақтандыру басты мақсатқа айналып отыр. Бұл туралы Erkinsoz.kz тілшісі Astana арнасына сілтеме жасап.

Ұлттық банктің мәліметінше қуат көзі мен азық-түліктің әлемдік бағасы төмендегендіктен серіктес елдерде инфляцияның төмендеуіне әсер етіпті.
«Қазақстанда проинфляциялық қысым фискалдық ынталандыру, тұрақты ішкі сұраныс, жоғары және тұрақсыз инфляциялық болжаулар, сондай-ақ жанар-жағармай бағасының өсуі мен тұрғын-үй коммуналдық қызмет тарифтерінің көтерілуі тарапынан сақталуда» , – делінген хабарламада.
Ал сарапшылардың пайымдауынша Қазақстанда әлі де жоғары базалық ставка сақталып отыр. Болжамға сәйкес ставка көтерілген сайын несие алатындар саны азаяды. Сәйкесінше адамдар аз ақша құртып, инфляция деңгейі төмендеуі қажет. Дегенмен Қазақстандағы инфляция теңге бағамына байланысты. Сондықтан сарапшылар теңге бағамы нығайған соң ставка төмендейді деп есептеген.

«Мен Ұлттық банктің басшылығында отырған адамдардың ұяты оянып, базалық ставканы біртіндеп азайтады деп ойлағанмын. Ұлттық банктің экономикалық өсімге түкіргені бар. Олардың мандатында, мақсатында «бағаны бақылау» деп жазылған. Болды», – дейді қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев.



