04/06/2026

18+

Қоғам Шетелдің ірі компаниялары Қазақстан аумағында жұмыс істеуге келіп жатыр...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Шетелдің ірі компаниялары Қазақстан аумағында жұмыс істеуге келіп жатыр — вице-министр

Шетел компаниялары Қазақстан аумағына көшу туралы ұсыныс айтып отыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров мәлім етті.

«Ресей Федерациясынан кететінін ресми түрде жариялаған компанияларды көшіру бойынша ауқымды жұмыстар ескерілген. Қазіргі кезде біз Қазақстанға көшіру бағытында 401 компанияға шақырту жолдадық. Біздің елшілер компания басшыларымен пікір алмасып жатыр. Осы орайда, 67 компания келісіп, өздерінің оң жауаптарын берді. Бұлар бойынша тиісті жұмыстар жалғасып жатыр. Ал, 25 компания көшіру жұмыстарын аяқтады», — деді А. Айдаров Сенатта Қазақстанның инвестициялық ахуалы тартымдылығы тақырыбында өтіп жатқан Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, компанияларды Қазақстанға көшіру бағытында 38 мемлекет қатысып отыр. Олар негізінен Германия, АҚШ, Швейцария және Жапония секілді елдерге қатысты.

«Көшіп келген негізгі кәсіпорындарға тоқталсақ, АҚШ-тың Honeywell компаниясы Алматыда шағын өндіріс ашты. Танымал Tiktok кеңсесін Қазақстанға көшірді, Indriver де Қазақстанда. Австралияның Fortescue компаниясы, Францияның Alstom компаниясы, сондай-ақ OZON Астанада логистикалық парк ашады», — деді министрдің орынбасары.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -