04/06/2026

18+

Қоғам Жалақылары 100 мың теңгеге жетпейтіндер де бар - Мәжіліс...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Жалақылары 100 мың теңгеге жетпейтіндер де бар — Мәжіліс депутаты

Мәжілісте «Халықтың табысын 2029 жылға дейін арттыру бағдарламасы» кешенді жоспары талқыланып жатыр.

Депутат Мәди Тәкиев еліміздегі ең маңызды бағдарламаларының бірін қарастырылып жатқанын айтты. Айтуынша, ол халық табысының төмендігіне, теңсіздіктер мен жұмыссыздық бойынша негізгі проблемаларды шешуге бағытталған.

“Бұл мәселелер шешімін таппайтын болса, бағдарламаның ешбір пайдасы болмайды. Бағдарламаның негізгі жүйелік бағыттарына тоқталып өтейін. Соңғы 5 жылда халықтың нақты ақшалай табысының үлесі төмендегені байқалады. 2018 – 2022 жылдары аралығында 5 пайыздан 2,8 пайызға төмендеп кетті. Әрине, оған инфляция айтарлықтай әсер етті. Былтыр ол 20 жылдық рекордқа жетті», – деді Тәкиев.

Ол атағандай, халықтың орташа жалақысы мен идеалды жалақысы арасында алшақтық азаймай отыр.

«Айырмашылық деңгейі 50 пайызға жетті. Бұл азаматтардың жағдайы қаншалықты қиын екенін көрсетеді. Бүгінгі таңда халықтың жартысы жетіспеушілік деңгейінде өмір сүріп жатыр. Тұрақты жұмыс істейтін қазақстандықтарға келсек, қазір олардың саны 2 млн-нан асады. Оның 64 пайызы немесе 3/1 жұмыс істейтін кедейлерге жатады, яғни олар 100 мыңға дейін жалақы алады. Негізінен 61 пайызы ауыл шаруашылық саласында істейді. Олардың барлығын кедей деп айтуға болмайды. Бірақ бұл мәселені шешу керек», –  деді ол.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -