
Шымкентте аудандық полиция басқармасы бөлімінің бастығы мен бұрынғы тергеуші ұсталды. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.
Бірлескен жедел іс-шараларды жүргізу барысында 2 маусымда ҰҚКД мен Шымкент қаласы ПД ӨҚБ-ның қызметкерлері Абай аудандық полиция басқармасы анықтау бөлімінің бастығы мен бұрынғы тергеушіні ұстады. Олар алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.



