03/06/2026

18+

Қоғам Шымкенттіктер Chia Tai Tianging Group қаржылық пирамидасына 83 миллион...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Шымкенттіктер Chia Tai Tianging Group қаржылық пирамидасына 83 миллион теңге құйған

Шымкент тұрғындары Chia Tai Tianging Group қаржылық пирамидасына 80 миллион теңгеден астам ақша құйған, — деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Chia Tai Tianging Group қаржылық (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді Шымкент қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі департаменті жүргізіп жатыр.

«2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың сәуіріне дейін Шымкенттің 40-тан астам тұрғыны қаржы пирамидасына 83 миллион теңге салған. Қазіргі уақытта күдікті сот шешімімен үйқамаққа алынды. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді» — делінген хабарламада.

Қаржы мониторнигі агенттігі қаржылық пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертті.

Еске сала кетейік, сәуір айында Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі Алматыдағы Chia Tai Tianging қаржылық пирамидасына қатысты соталды тергеуді бастағанын хабарланған болатын.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -