04/06/2026

18+

Қоғам Түркістан облысында әлдекімді балағаттап, төбелескен мектеп директорына қатаң сөгіс...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Түркістан облысында әлдекімді балағаттап, төбелескен мектеп директорына қатаң сөгіс берілді

Желіде Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданындағы мектептердің бірінің директорының туысымен төбелескен видеосы тарап кетті. Мұнда директер өте агрессивті түрде жағадан алып, балағат сөздер айтқан. Бұл туралы Erkinsoz.kz тілшісі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Кадрларда ер адам қарсыласын ұрып-соғып, оған күрес тәсілін қолданғысы келген. Одан бөлек балағат сөздерді де естуге болады. Оларды куәгерлер әрең дегенде ажыратады.

Түркістан облысының білім басқармасы осы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Олардың айтуынша төбелес екі жыл бұрын болған. Ал бейнежазбаның неліктен желіде қазір ғана тарап кеткенін басқарма нақтылаған жоқ.

«Оқиға Түркістан облысының білім басқармасының бақылауында. Оқиға 2021 жылы директордың туысының үйінде болған. Бейнежазбадағы жағдайға келсек, директор спирттік ішімдік ішпеген, ашуланғандықтан әдепсіз сөздер айтқанын жеткізді. Оған қатаң сөгіс берілді», — деп сендірді Түркістан облысы бойынша адами даму басқармасының баспасөз қызметі.

Видео авторы мектеп директорының ұлы полиция инспекторы екенін және ол әкесінің барлық қателігінің артын жабатынын жеткізген.

Ал тәртіп сақшылары бұл ақпаратты жоққа шығара да, растай да алмады. Бірақ олар әріптесінің әрекетін қызметтік комиссия тексеретінін алға тартты.

«Бұл оқиға Түркістан облысы Қазығұрт ауданында екі жыл бұрын болған. Бұл факті бойынша полицияға ешкім арызданбаған және хабарламаған. Тексеру барысында бұл факті отбасылық жағдай екені анықталды. Яғни видеодағы ер адамдар бір-бірінің туыстары. 2021 жылы маусым айында отбасылық мереке болып, туыстар арасында түсініспеушілік орын алған.Артынша жанжалдасып қалған екі жігіт татуласқан. Қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүргізілуде. Оқиғаға учаскелік полиция инспекторының қатысы бар-жоғын және оның тарапынан қандай да бір заң бұзушылық фактілерінің бар-жоғын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде», — деп хабарлады Түркістан облысы ҚДП баспасөз қызметі.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -