
Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады, — деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Орталық мәліметінше, негізгі ҰБТ басталғаннан бері 218 мың ретке жуық тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 75 пайызы қазақ тілінде, 25 пайызы орыс тілінде, 0,1 пайызы ағылшын тілінде тестілеуден өткен.
ҰБТ басталғалы шекті балды 78 пайызға жуық талапкер жинаған. Орташа балға — 69. Ең жоғары балл — 137.
«ҰБТ-ның бесінші аптасы аяқталды. Осы аптада жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясы өз жұмыстарын бастап, 25 тамызға дейін оқуға түсуге құжаттарды қабылдайтын болады. Сондай-ақ, «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтауға» түсушілер үшін міндетті емтихандар басталды. ЖОО-лар 7 шілдеге дейін шығармашылық емтиханға қатысу үшін өтініштерді қабылдап, емтихандардың өзін 8-15 шілде аралығында өткізеді. Грант конкурсына құжаттарды қабылдау ҰБТ аяқталған соң, 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылады. Мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады», — деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.



