
Сенбіден бастап Қазақстанда жәрдемақы көлемі өседі, орманшылардың еңбекақысы көбейеді.
Яғни 1 шілдеден бастап мүгедектігі бар адамдар мен асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы мөлшері 14,5 пайыз өседі. Осы мақсаттарға респбуликалық бюджеттен қосымша 41 миллиард теңге бөлінген.
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамға;
мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға).
Сондай-ақ 7 және одан да көп баланы өмірге әкеліп, тәрбиелегені үшін наградталған аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері 7,4 айлық есептік көрсеткішке дейін өседі.
Сонымен қатар осы жылдың 1 шілдесінен бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 14,5%-ға арттыру көзделген.
Жоғарыда көрсетілген жәрдемақылардың мөлшерін арттыру Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерінде бар мәліметтер негізінде автоматты түрде жүргізілетін болады, осыған байланысты алушылардың уәкілетті органдарға қосымша өтініші талап етілмейді.
Елдегі соңғы табиғи апаттарға байланысты орманшылар айлығын да көтеру жоспарға қойылды. Осылайша биыл 1 шілдеден бастап олардың еңбекақысы өседі, сонымен қатар материалдық-техникалық базасы 2027 жылға қарай 100 процентке жаңарту көзделіп отыр. Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованың айтуынша, елдегі орман шаруашылығына 8,1 миллиард теңге бөлінген. Ал өртті ерте анықтау жүйесіне 4,1 миллиард теңге қарастырылған.



