
Сенбіден бастап Қазақстанда жәрдемақы көлемі өседі, орманшылардың еңбекақысы көбейеді. Қазақстандықтарды жағымсыз жаңалықтар да күтіп тұр: газ, жылу тарифтері, электр энергиясы қымбаттайды.
Биыл ішкі істер органдарында жұмыс істеп, зейнетке шыққан азаматтарға да ерекше қолдау көрсетіліп отыр. 1 шілдеден бастап олар зейнетақы қорындағы ақшасын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге толықтай шешіп алуына болады.
Себебі, күш құрылымдарында жұмыс істеген зейнеткерлердің зейнетақысы азаматтық зейнеткерлерге қарағанда едәуір жоғары. Осылайша олардың зейнетақыларының бар болуын есепке ала отырып, зейнетақы жинақтарын толығымен алуға мүмкіндік берілді. Зейнеткерлерге арналған ипотекалық бағдарламалар болмаса да күш құрылымдарының зейнеткерлері көбіне 45 жастан зейнетке кетіп жатады. Зейнетке шыққаннан кейін басқа азаматтық қызметтерде де жұмыс істей алады. Яғни, олардың жасы 45-тен асқан бірақ 63 жасқа жетпеген. Сонымен қатар олардың кез келген ипотекалық кредиттері болуы мүмкін. Жинақтарды пайдалана отырып соны жабуға мүмкіндік туады”, – деп түсіндірген еді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова.



