04/06/2026

18+

Қоғам Елімізде 2025 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Елімізде 2025 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңгеден өседі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ең төменгі жалақы мөлшерін анықтайтын жаңа әдістеме ұсынды. Бұл туралы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасы хабарлайды.  

Тиісті құжат президент әкімшілігіннің қарауында. Егер мақұлданса, жоба 2025 жылы іске асырылады. Яғни ең төменгі жалақы көлемі де ұлғайтылады. Сарапшылардың пікірінше, бұл халық көп тұтынатын тауар түрлерінің қымбаттауына әкеп соғады. Ел экономикасына теріс әсер ететініне сенімді. Ал қазақстандықтар  қазір ең төменгі жалақы кемінде 150 мың теңге көлемінде болуы тиіс деп санайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ең төменгі жалақы көрсеткішінің мөлшерін анықтайтын әдістемені заңнамалық түрде бекітпек. Қазір ең төменгі жалақы – 70 мың теңге. Алайда көпшілік бұған бір айлық азық-түлік алу мүмкін емес екенін айтады.

Тұрғындар 70 мың ас-ауқаттан артылмайды дейді.10 кг картоп, 10 кг сәбіз және тағы 10 кг пиязға 7230 теңге кетеді. Сосын бес кг-дан күріш пен қарақұмық және 10 кг макаронға 7900 теңге жұмсау керек. 30 дана жұмыртқа – 1535 теңге, 5 литр сұйық май – 4165 теңге. Бес келі етке шамамен 14450 теңге керек. 20 келі ұнға 5670 теңге кетеді. Әрі қарай небәрі 29 050 теңге қалады. 

Министрлік жыл басынан бері 1 миллион 800 мың қазақстандықтың айлығы ең төменгі жалақы деңгейіне жеткізілгенін мәлімдеді. 

“Ең төменгі жалақы өседі. Бірақ бұл жерде ең басты екі фактор ескеріледі. Бұл – медиандық табыс және еңбек өнімділігі. Барлық орта және шағын бизнесте жұмыс істеп жатқан азаматтар, компаниялар жалақыны ең төменгі жалақыдан төмен қылып қоя алмайды”, – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми өкілі Сәкен Ділдахмет. 

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -