04/06/2026

18+

Қоғам "Сирияға кісі жібермедім, Сауд Арабиясынан ақша алмадым". Бекболат Тілеухан...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

«Сирияға кісі жібермедім, Сауд Арабиясынан ақша алмадым». Бекболат Тілеухан қазақ еліне Құран ұстап ант етті

Р еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші, Мәжілістің экс-депутаты Бекболат Тілеухан 1,5 жылдан астам уақыт саясат сахнасынан көрінбей кетті. Осы уақыт аралығында ол не бітіргенін айтты, — деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

«Өзіммен өзім болдым. Кітабымды жазып, намазымды оқыдым. Бала-шаға әулеттің қамына ғана көңіл бөлдім. Жасымыз да біразға жетті. Көп нәрседен бас тартамын деп шешкенмін. Бірақ бүгін ел алдына шығуға тура келіп тұр. Маған осы жылдар талай жала жабылды. Қару сатты, анасын өлтірді, анасын тікелей көмді, ән ұрлады, Сауд Арабиясынан қаржы алды деген айыптар жетіп жатыр. Қисынсыз болған соң, қатты көңіл бөлген жоқпын. Сенгендер болды, сенгісі келгендер бар. Бірақ ең ауыры – қарапайым халықтың қажылыққа барам деп тірнектеп жинаған ақшасын жымқырып кету деген болды. Ол жаланың авторы – Медет Мұратбайұлы. Бұл балаға да біреулер айтқызып отыр», — дейді Бекболат Тілеухан.

Оның айтуынша, Медет 2022 жылы бірнеше миллион теңгені Бекболат Тілеуханға бердім деген. Бірақ өзі 2022 жылдың наурызы мен 2023 жылдың қаңтары аралығында Қазақстанның топырағын басқан жоқпын деп айтты.
Айта кетейік, жыл басында қажылық пен умраға апаратын «Кәусар тревел» туристік компаниясына қатысты тергеу басталған. Өйткені 300-ден астам алданып қалдық деген арыз түсірген еді. Басшысы, Бекболат Тілеухан айтып отырған Медет Мұратбайұлы. Аталған жәйт бойынша ҚР ҚК 190-бабымен қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынған болатын. 

 «Осы уақытқа дейін қаншама қызметте істедім. Атқарушы орган Үкіметте, заң шығарушы орган Парламентте болдым. Жауапты қызметтерді атқардым. Бірақ сол кезде намазымды тастамадым, сақалымды қырмадым. Біздің Ислам діні құранға негізделген. Алланың атымен ант ету дегеннің қаншалықты жүгі ауыр екенін білесіздер. Осы құранға қолымды қойып ант етемін», — деді экс-депутат.

Бекболат Тілеухан «Кәусар тревел» деген компанияны білген жоқпын деп отыр. Олардан ешқандай ақша алмағанын, Медет Мұратбайұлы деген жігітті танымайтынын жеткізді. 

«Анамды өлтірген жоқпын, Ғарифолла Құрманғалиевтан ән ұрламадым, Сирияға бір кісіні жіберсем құдай көріп отыр, ант етемін. Сауд Арабиясынан ақша алмадым. Елдің күмәні қалмасын деген ой. Осылай айтуға мәжбүрмін», — деді Бекболат Тілеухан.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -