04/06/2026

18+

Қоғам Шығыс Қазақстан облысында оқушылар Президенттен араша сұрады

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Шығыс Қазақстан облысында оқушылар Президенттен араша сұрады

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында №11 орта мектептің оқушылары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өз мектептерінде қалуды сұрап видео үндеу жариялады. Бұл туралы YK-news.kz порталы хабарлайды.

Мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытатын 600 орындық мектеп 2022 жылы ашылған. Енді биылдан бастап мұнда ерекше білім беруді қажет ететін жүзге жуық бала оқитын болады. Алайда кейбір жұртшылық бұл ғимаратты қазақ тілінде оқытатын «Шаңырақ» мектебіне ауыстыруды ұсынған. Бұл бастама №11 мектептің ата-аналары мен балаларына ұнамады.

«Құрметті Президент, мектебімізде қалуымызға көмектесіңіз! – деп үндеу жариялады оқушылар.

«Ақпараттық науқанды белсендіру мектеп пайдалануға берілген сәтте емес, оның ашылуы мен 2022-2023 оқу жылының тұсында емес, жаңа оқу жылы қарсаңында басталды. Яғни, №11 мектеп әкімшілігі білім беру мекемесін зертханалық құрал-жабдықтармен және кітапхана қорымен қамтамасыз ету мәселелерін шешіп қойған кезде – педагогикалық ұжымның кінәсінен туындап отыр. Мектептің оқу орнын алуға мүмкіндік бермей тұрған мәселеле ұстаздардың кінәсі мен лицензияда емес”, — делінген материалда.

8 тамызда қала әкімі Дәулет Батырбаевтың өкімімен аталған екі оқу орнының ұстаздар қауымы мен оқушыларының ата-аналары арасында ішкі «климатты» бақылайтын жұмыс тобы құрылды. Бұл ретте басылым №11 мектептің ұстаздар қауымы мен ата-аналар тарапынан шағым түспегенін атап өтеді.

«Комиссия құрамына №11 мектептің орыс тілінде оқытатын сыныптарының ата-аналарынан, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналарынан өкілдер кірмеді. Комиссия құрамында психологиялық білімі бар мамандар болған жоқ», – делінген мақалада.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -