04/06/2026

18+

Қоғам Гүл дүкеніндегі дау: экс-полицейдің жанындағы шенеунік қызметінен қуылды

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Гүл дүкеніндегі дау: экс-полицейдің жанындағы шенеунік қызметінен қуылды

Шымкенттегі даулы оқиғаның екінші қатысушысы Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Данияр Елқонды болып шықты. Ол берген арыз негізінде қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Otyrar.kz сайты.

Бұл туралы журналистерге Мемлекеттік қызмет істері департаменті мәлім етті.

«Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылығына қажет болған жағдайда қызметтік тергеу жүргізумен қолданылған тәртіптік жазаның пропорционалдығын зерделеу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды. Алайда, қазіргі уақытта Данияр Елқонды өзі берген өтініш негізінде атқаратын қызметінен босатылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес олардың мемлекеттік қызметті өз еркімен тоқтатуына ешқандай кедергі болған жоқ», — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде шымкенттік ер адамның дүкеннен гүл шоғын күштеп алып, сатушыны итеріп жібергені түсірілген видео тараған еді. Оқиға мамыр айында болған, бірақ видео жақында ғана жария болды. Күш көрсеткен ер адам полиция қызметінен босатылған Қаратау аудандық полиция бөлімінің бұрынғы қызметкері болып шықты. Кейін атышулы видеодағы екінші қатысушының кім екені белгілі болды. Ол Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Данияр Елқонды екен. Ол қатаң сөгіс алған еді.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -