03/06/2026

18+

Қоғам Мирзиеев Путинмен құшақтасып жатқанда, Тоқаев сөйлеспеуі керек пе? -...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Мирзиеев Путинмен құшақтасып жатқанда, Тоқаев сөйлеспеуі керек пе? — Мәжіліс депутаты

Кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей астанасы Мәскеуде өткен Жеңіс парадына қатысты. Мемлекет басшысының бұл әрекетін желіде сынағандар көп болды. Осыған байланысты Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза Facebook парақшасында Президентті сынағандарға жауап берді.

«Мәскеуге барған елдердің тек Беларусь пен Қазақстанның ғана Ресеймен шекарасы бар. Қалған Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Армения, Қырғызстан елдерінің Ресеймен шекарасы жоқ.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге сапарын сынап жатқан азаматтарды көзім шалып қалды. Сонда ай далада жатқан Рахмон мен Бердымухамедов барғанда, Қ.Тоқаев бармау керек пе еді? Сонда шекарасы жоқ Пашинян мен Жапаров дипломатияға жүгінгенде, Қ.Тоқаев қыр көрсету керек пе еді? Сонда Мирзиеев Путинмен құшақтасып жатқанда, Қ.Тоқаев Путинмен сөйлеспеу қою керек пе? Қызықсыздар …
Бүгінгі реализмды, бүгінгі күннің қаупін адекватты саралай отырып, қалай президентіміздің сапарын айыптайсыздар? 7500км шекараң жатыр, оны күзететін 7500 шекарашың бар ма? Сәл-пәл ойланып мін тақпайсыздар ма …
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге сапары ӨТЕ ДҰРЫС қадам. Екі күн дипломатияның арқасында 2 жыл тыныш өмір сүруге болады. Соның қадірін түсіну керек. Екі күн Путинмен сапарлас болғаннан ешқайссыңыздың несібеңіз кеміп қалмайды. Қазақ үшін жасалған сапар!
Түсінсеңіздер»
, — деп жазды Мәжіліс депутаты.

Еске сала кетейік, өткен жылы Ресей көрші жатқан Украина еліне әскери операция бастаған болатын. Батыс елдері Ресейдің бұл әрекетін басқыншылыққа теңеді. Осының салдарынан көптеген мемлекеттер Ресейден іргесін аулақ сала бастады.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -