03/06/2026

18+

Оқиға Алматы облысында бір отбасының бес адамы қайтыс болды

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Алматы облысында бір отбасының бес адамы қайтыс болды

Алматы облысында бір отбасының бес адамы қайтыс болды. Олар 1984 жылы туған әкесі және төрт баласы. Балалары 2010, 2008, 2013, 2018 жылдары туған, деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі.
2023 жылғы 4 мамырда сағат 16-04-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Қарасай ауданы Елтай ауылдық округінің Көлашы ауылында жеке тұрғын үйде 6 адам (2 ересек және 4 бала) белгісіз заттан уланғаны туралы хабарлама түсті. Нәтижесінде 1984 жылы туған ер адам (әкесі) және төрт бала (2010 жылы туған қызы және 2008, 2013, 2018 жылы туған ұлдары) қайтыс болды. 1985 жылы туған әйел (анасы) Шамалған ауылындағы Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасына жатқызылды, — делінген Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

1985 жылы туған әйел адамның жағдайы ауыр, реанимация бөлімінде жатыр.

Алдын ала себептердің бірі — белгісіз заттан улану. Мән-жайларды анықтау үшін шақыру орнына ТЖ департаментінің зерттеу сынақ өрт зертханасы, газ қызметі және СЭС дереу жіберілді, — деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Алғашқы жиналған материал Қарасай ауданының полиция бөліміне берілді.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -