04/06/2026

18+

Қоғам Ұлттық қауіпсіздік комитеті Мәсімовтың мүлкіне не болатынын мәлімдеді

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Мәсімовтың мүлкіне не болатынын мәлімдеді

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев істі болған Кәрім Мәсімовтың мүлкіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі.

Бүгін Мәжілісте өткен баспасөз мәслихатында Марат Қалқабаев Кәрім Мәсімов туралы сұрақтарға жауап берді. 

«Бұл сұрақтарды сотқа жолдау керек. Біз алдын ала тергеумен айналыстық, оны аяқтап, сотқа жібердік. Сот шешімін өздеріңіз білесіздер», — деді Марат Қалқабаев.

Сонымен қатар «оның мүлкін кім сатады» деген сұраққа ҰҚК төрағасының орынбасары бұл мәселемен сот орындаушылар айналысып жатыр деп жауап берді.

«Сот шешімінен кейін сот орындаушылары айналысады», — деп түсіндірді Марат Қалқабаев.

Ол құпия деректердің жарияланбайтынын алға тартып, істің басқа мәліметтерін айтудан бас тартты.

«Іс өте құпия, біз ештеңені жария ете алмаймыз», — деп қосты Марат Қалқабаев.

Еске салсақ, қаңтар оқиғасы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасары тұтқындалған болатын. Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш қана (ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары) ұсталған жоқ. Тек қызметінен босатылды.

Жуырда сот үкімімен Мәсімов 18 жылға сотталды. Ол мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алуға оқталды және билік пен лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Орынбасарлары болған Садықұлов, Ерғожин, Өсіповке де сот үкімі шықты. Сот істі «өте құпия» деген белгімен қарады.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -