04/06/2026

18+

Қоғам Оқу-ағарту министрлігі: "Соңғы қоңырауды мейрамханада тойлауға болмайды"

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Оқу-ағарту министрлігі: «Соңғы қоңырауды мейрамханада тойлауға болмайды»

Оқу-ағарту министрлігі мектептерде соңғы қоңырау қандай форматта өтетінін түсіндірді деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі.

31 мамыр барлық мектептерде кестеге сәйкес қорытынды сабақтар өтеді, содан соң сынып жетекшілері тәрбие сағаттарын өткізеді.

«Тәрбие сағатының мақсаты – оқу жылының қорытындысын шығару, балаларды жазғы демалыс кезеңіне дайындау. Мұғалім демалыста оқу керек кітаптар тізімін, көруге тұрарлық фильмдер тізімін ұсынады. Қауіпсіздік шараларымен таныстырып, еңбектің пайдасы, ата-аналарға, ата-әжелерге қолдан келгенше көмек көрсету туралы әңгімелейді», – деді Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова.

Ол тәрбие сағатында патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, достық, бейбітшілік, ел тарихын құрметтеу, саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарын еске алу тақырыптары талқылануы керек екенін атап өтті.

Ал соңғы қоңырау 1 маусымда өтеді.

«Министрлік соңғы қоңырауды дәстүрлі түрде өткізуді қолдайды. Министрліктің нормативтік құқықтық құжаттарында мұндай іс-шара болған жоқ. Бұл ретте соңғы қоңырауларды 1 маусым Балаларды қорғау күніне сай өткізу ұсынылады», – деп толықтырды вице-министр.

Өкіл жиын мен мереке мейрамханада емес, тек мектеп қабырғасында өтуі тиіс деп түсіндірді.

“Педагогикалық әдепті сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында іс-шаралар өткізіп, аниматор, мерекелік агенттіктер, жеке студияларды жалдауға және қаражат жинауға жол берілмейді. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлыққа қаражат жинауға тыйым салынады”, – деді өкіл.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -