Бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов саяси жұмыста министр немесе өзге мемлекеттік қызметші ретінде барлығына ұнайтын шешімді ғана қабылдау қажет деп санайтынынын айтты деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшсі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мысалы біз мектеп директорларын ауыстыруды ұсындық. 7 мың мектеп директорына бұл ұсыныс ұнады деп ойламаймын. Біз директорлардың жұмыс істеу мерзімін бес жылмен шектеу туралы айттық. Ол да бәріне бірдей ұнай қоймауы мүмкін. Кез келген шешімді жақтайтындар да, ұнатпайтындар да табылады. Ең бастысы, оған әрқашан негіз болуы тиіс, зерттеу, тәуекелдер назарға алынуы қажет. Елге қажетті шешімді ғана қабылдаған дұрыс», — деді мәжілісмен.



