04/06/2026

18+

Қоғам Қазақстандықтардың мобильді аударымдары тексеріле ме? – Министр жауап берді

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Қазақстандықтардың мобильді аударымдары тексеріле ме? – Министр жауап берді

Вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақстандықтардың мобильді аударымдары тексерілмейтінін мәлімдеді.

Бұған дейін әлеуметтік желіде салық органдары мобильді аударымдар көп түсетін азаматтарды тізімге алып, салық салады деген ақпарат тараған болатын.

Алайда мәжіліс кулуарында Жамаубаев мұны жоққа шығарды.

«Біз екінші деңгейлі банктермен ақпарат алмасу жұмысын жолға қойып жатырмыз. Әзірге ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже жоқ. Сол себепті алдымен бақылайық, қоғамды дүрліктірмейік. Өйткені бұл 2025 жылға дейін жасалатын жоспарлы жұмыс. Адамдарға да, бизнеске де ешқандай тексеріс, қысым болмайды. Мен кепілдік беремін», — деп сендірді Жамаубаев.

Еске салсақ, былтыр сәуір айында қаржы министрінің жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан табыс алу белгілері бар операцияларға жатқызу критерийлерін бекіту туралы бұйрығы күшіне енді.

Оған бір жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметке арналмаған банк шотына қатарынан үш ай ішінде 100 және одан да көп әртүрлі тұлғадан ақша түссе, онда бұл операциялар кәсіпкерлік қызметтен кіріс алу белгілері бар операциялар қатарына жатқызылады.

Бұл жұмыс жалпыға бірдей декларациялауға көшу жоспарымен қатар жүргізілетіні хабарланды. Қарапайым қазақстандықтардың кәсіпкерлік қызмет белгілері бар мобильді аударымдары бойынша мәлімет алмасу тек 2026 жылдан бастап енгізілетіні айтылған еді.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -