04/06/2026

18+

Қоғам 18 жастағы студент емтиханнан нашар баға алғаны үшін өзіне...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

18 жастағы студент емтиханнан нашар баға алғаны үшін өзіне қол жұмсаған

Көкшетауда педагогикалық колледждің 4-курсында оқитын 18 жастағы студент ағылшын тілінен нашар баға алғаны үшін өз-өзіне қол жұмсады, бейіндік пән бойынша бағалау дипломға түсуі керек болған. Бойжеткен хат қалдырған, — деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Аяулым Сансызбайды сіңлісі үй жанындағы қорадан тауып алған. 14 жастағы қыз тіпті арқанды кесіп алып, денені жерге түсірген. Бірақ тым кеш болған.

Өлер алдында студент анасына кешірім сұрап SMS жазған. Ол оқуға тырысқанымен, әділетсіз бағаланғанын айтады. Қазір туыстары қызды осы жағдайға жеткізген деген ойда.

«Қызымды осыған жеткізгені үшін жауап берсін. Бұл сұмдық. Ол не үшін өлді? Аяп қалған қайдағы бір баға үшін бе? Қызымды сонша жек көргендері ме? Барлығы жазалансын, мұны бұлай қалдырмаймыз», — деп жылады анасы Айгүл Ахметжанова.

Колледж кінәні мойындамады. Студентпен ешқашан жанжал болмағаны айтылды. Тіпті бағаны жөндеуге рұқсат берілген көрінеді. Аяулым келіскенімен, ақыры неге екені белгісіз, мүмкіндікті пайдаланбаған.

«Қайта тапсыруға мүмкіндік болды, мен 23 мамырда, келесі күні, сағат екіде келуді сұрадым. Біз үстелге жақындап, тестті берер кезде, ол менен: «Бұл кешегі жазған тест пе?» — деп сұрады. Мен: «Жоқ, бұл мәтіннің басқа нұсқасы», — дедім, өйткені басқаша болатынын ескерттім. Сонда ол: «Онда мұны тапсырмаймын», — деді. Мен: «Жарайды», — дедім. Басқа не айтамын», – дейді оқытушы Динара Жүсіпова.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша соталды іс қозғалды, бұл » Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу». Бұған дейін қыздың өз-өзіне қол жұмсағаны, қалдырылған хатпен дәлелденген. Қазіргі уақытта бұл қылмыстық істі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деді баспасөз қызметінің ресми өкілі Ақмола облысы бойынша ПД Әсем Әбдірахманова.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -