04/06/2026

18+

Қоғам Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі 516 млн теңгенің мүлкі Назарбаев...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі 516 млн теңгенің мүлкі Назарбаев Университетіне беріледі

Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі құрылысы аяқталмаған нысандар «Назарбаев Университетінің» балансына берілмек.

«Осы қаулының қосымшасына сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің балансынан «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының меншігіне аяқталмаған құрылысқа арналған шығындар түріндегі республикалық мүлік берілсін», — делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында.

Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде жазылғандай, мүлікті оқу орнына беру бастамасы былтыр анықталған министрліктің есеп аудитіндегі олқылықтарды жою үшін ұсынылып отыр.

«Қаулы қабылдау Денсаулық сақтау министрлігінің теңгеріміндегі мүлікті «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының меншігіне беруді жүзеге асыруға және министрліктің 2022 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігі аудитінің қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықты жоюға мүмкіндік береді», — деп түсіндірме берілген қаулыға.

Белгілі болғандай, енді «Назарбаев Университетінің» меншігіне жалпы сомасы 516 млн 911 мың 331 теңге болатын құрылысы аяқталмаған мына нысандар өтеді:

10 Кв электрмен жабдықтау желілері — 26 434 теңге;
ТП-10/0Кв және КЛ 6-10 Кв құрылысы — 24 267 667 теңге;
Электрлік монтаждау жұмыстары — 13 217 230 теңге;
«Астана қаласында 180 төсектік Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» КеАҚ жобалау-сметалық құжаттамасы — 345 200 000 теңге;

«Астана қаласында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын Республикалық диагностикалық орталық» АҚ-ның жобалау-сметалық құжаттамасы — 134 200 000 теңге.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -