Депутат Мұқаш Ескендіров қоқыс тастайтын жерлер мен қайта өңдеу туралы қойған сауалына алдын ала жазылған жауапты оқып бергені үшін Экология вице-министрін сөкті. Айтуынша қарапайым сұраққа парақта жазылған есепті оқып беру дұрыс емес. Бұл туралы Erkinsoz.kz тілшісі Ктк арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжілісте депутат Мұқаш Ескендіров Экология вице-министрі Ғалидолла Әзидуллиннен өздігінен қоқыс төгу және қалдықтарды өңдеу мәселелерін қалай шешіліп жатқаны туралы сауал жолдаған. Алайда қарапайым сұрағына алдын ала дайындалып жазылған мәліметтерді вице-министрдің парақтан оқып беруі депутаттың шамына тисе керек.
“Егер вице-министрлердің өзі осындай қарапайым сұраққа жауапты қағаздан оқып беріп тұрса, басқа не туралы айтуға болады?” – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров.
Кейін мәжілісмендер нақты әрі мазмұнды жауаптың орнына, парақтан есеп тыңдады. Қайтадан жауап беруді сұрағанымен, жазбаша берілетіні мәлімделді.



