04/06/2026

18+

Қоғам Қазақстанда 3 мыңға жуық "болашағы жоқ" ауыл бар -...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Қазақстанда 3 мыңға жуық «болашағы жоқ» ауыл бар — Ұлттық экономика министрі

Қазақстанда 3 мыңға жуық «болашағы жоқ» ауыл бар. 700 мыңнан аса адам тұрып жатқан елді мекендердің ертеңі бұлыңғыр. Кейбірінде жол, су жоқ. Тіпті көпшілігі өркениет көшінен қалып қойған. Аймақтағы ағайынды алаңдатқан мәселелер Мәжілісте көтірілді, — деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап. 

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, олар енді бір бесжылдықта да қала қатарына қосылмауы мүмкін. 

Баяндамасын «болашағы жоқ» ауылдар деп бастаған Әлібек Қуантыровтың бұл тіркесі халық қалаулыларына ұнамады. Жолы жоқ, тіршілік нәрінен тарыққан жұрттың бүгінін білген министр ертеңінен бейхабар. Ұлттық экономика министрінің келтірген бір дерегі — қазір ауылда адам саны азайып барады. Жағдайы келсе, жыл сайын 200 мың тұрғын көшін қалаға ауыстырады екен. Үрдіс жалғаса берсе, ауылдың болашағы шынымен бұлыңғыр болмақ.

«Біз қазір көпшілік туралы, 90 пайыз ауылдарды айтып жатырмыз. Оның бәріне қаражат жетпейді», — деді ҚР ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Халық қалаулылары ағайынды алаңдатқан түйткілді мінберде тағы көтерді. Қазақстандағы білім ошақтарының 89-ы қазір құлағалы тұр. Депутат Нұртай Сабилянов мәліметінше, мектептердің 25 пайызында спорт залы жоқ, 15 пайызы асханамен қамтылмаған.

«Ауыл оқушыларының бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін ауылдық және қалалық мектептердегі материалдық техникамен қамтамасыз ету тұрғысынан алшақтықты жою керек. «Жайлы мектеп» жобасымен 400 мектеп салынады. Ал енді 2021 жылғы статистика бойынша 1642 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді. 89 мектеп апатты жағдайда тұр», — деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабилянов.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, өңірлік стандарттар жүйесі көрсеткіші бойынша Шығыс, Батыс Қазақстан мен Жетісу облыстары төменгі орында тұр. Әлібек Қуантыров мұны жергілікті әкімдіктердің сылбыр жұмысымен байланыстырды.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -