03/06/2026

18+

Қоғам Орташа айлық жалақы 338,7 мың теңгеге дейін өсті -...

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Орташа айлық жалақы 338,7 мың теңгеге дейін өсті — сенатор

Парламент сенатының депутаты Серік Өтешов халықтың табысы төмендігін, соған байланысты өмір сүру сапасы сын көтермейтінін айтты. Бұл туралы депутат палатаның кезекті отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды сенаттың баспасөз қызметі.

Сенаттың баспаөсөз қызметінің мәліметінше, сұрақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға жолданған. Серік Өтешовтың айтуынша, 2022 жылы халықтың табысын 2025 жылға дейін арттыру бағдарламасы бекітілді. Ол 2023 жылдың наурыз айында бұл бағдарлама жаңартылып, 2029 жылға дейін қарастырылғанын атап өтті. Депутаттың сөзінше, Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша 2022 жылы халықтың нақты ақшалай кіріс индексі 2,8 пайызды құрады, ол 2020-2021 жылдардағы көрсеткіштерінен төмен.

«Орташа айлық жалақы 338,7 мың теңгеге дейін өсті, бірақ былтырғы жылғы инфляцияның өсуі бұл өсімді жоққа шығарды. Табысы төмен үй шаруашылықтарының статистикасы елдегі кедейліктің артқанын көрсетеді. Сонымен бірге Дүниежүзілік банктің зерттеуіне сәйкес, сауалнамаға қатысқандар арасында өзін-өзі «кедей» деп бағалағандар 2022 жылдың қыркүйегінде 25 пайызға дейін өскен, ал 2020 жылдың желтоқсанында ол 14 пайызға тең болған. 2022 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік трансферттер еңбек кірістерінің 31 пайызын құрайды, бұл халықтың мемлекеттің әлеуметтік қолдауына тәуелділігінің жоғары деңгейін көрсетеді», — деді ол депутаттық сауалында.

Сонымен қатар депутат бүгінгі күнде азық-түлік шығындарының үлесі өсіп жатқанын, өткен жылы бұл көрсеткіш 50,8 пайызды құрағанын, халықтың басқа салаларына қаржы жұмсауға мүмкіндіктері аз екенін айтты. Серік Өтешов номиналды кірістердің оң динамикасына қарамастан, іс жүзінде олардың өсуі сезілмейтінін, халықтың өмір сүру сапасы төмен екенін тілге тиек етті. Ол 2029 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру бағдарламасында қазіргі экономикалық жағдайды ескере отырып, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға қалай әсер ететін туралы депутаттық сауалын жолдады.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -