03/06/2026

18+

Қоғам Ермек Көшербаев ШҚО әкімі болып тағайындалды

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Ермек Көшербаев ШҚО әкімі болып тағайындалды

Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ермек Беделбайұлы Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылсын», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ермек Беделбайұлы Көшербаев 1965 жылы Алматыда туған.

Ол Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.

Еңбек жолы:

1988 жылы Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінде аға инспектор болып бастаған.
1989-1994 жылдар аралығында аталған министрлікте әртүрлі лауазымдарда еңбек еткен.
1994–1996 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің консультанты, Президенттің Протоколдық қызметінің басшысы болған.
1996–1997 жылдары Қазақстан Республикасының Швейцария конфедерациясындағы елшілігінің бірінші хатшысы, Сыртық істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы лауазымдарын атқарған.
1997–1999 жылдары Қазақстан Республикасы премьер-министрінің көмекшісі болған.
2000–2010 жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс істеген.
2010–2014 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болған.
2014-2018 жылдары Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы лауазымдарында қызмет еткен.
2018–2020 жылдар аралығында Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымдарын атқарған.
2020 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған. Төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар.

Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов болған. 

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -