03/06/2026

18+

Қоғам Түркістан облысында шенеуніктер пара алғаны үшін сотталды

-

- Advertisment -
- Advertisment -

Түркістан облысында шенеуніктер пара алғаны үшін сотталды

Түркістан облысында «Құт береке» шаруа қожалығының директоры мен Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің қызметкерлері пара алғаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, 12 маусымда Шымкент қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің, оның аумақтық бөлімшелерінің, ветеринариялық қызметтің, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғаларына және «Құт Береке» шаруа қожалығының басшысы мен өкілдеріне қатысты үкім шығарды.

Аталған адамдар ветеринариялық рұқсаттар мен сертификаттар бергені, малды мемлекеттік шекара арқылы кедергісіз өткізгені, қызметтік жалғандық жасағаны, жалған құжаттарды бұрмалағаны және пайдаланғаны үшін жүйелі негізде пара алғаны және бергені үшін кінәлі деп танылды.

Шаруа қожалығының басшысы мен ветеринариялық қызметкері мемлекеттен мал шаруашылығын дамытуға субсидия бөлген кезде 104 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырған.

Сот үкімімен кінәлі адамдарға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза 1 жыл 5 айдан 7 жыл 6 айға дейін, сондай-ақ 2 немесе 26 миллион теңгеге дейін айыппұл тағайындалды. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Latest news

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жақында Наурыз қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Мемлекет басшысына хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина...

«АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

 Астана алаңында өткен мерекелік думан музыкалық-театрландырылған қойылыммен басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ұлыстың ұлы күніне арналған іс-шараға қатысып, халықты...

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, – деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі...

Шымкенттік балуандар Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін таласады

Сәуір айында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Париждегі 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына спорттық күрестен іріктеу турнирі өтеді. Ақпан айының...
- Advertisement -

Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп,...

Must read

- Advertisement -