
Танымал ақын Ринат Зайытов депутат ретінде алатын айлығы туралы ашық айтты, деп хабарлайды Erkinsoz.kz тілшісі Abay live You Tube арнасына сілтеме жасап.
Ринат Зайытов депутаттық айлығы отбасын асырауға жетпейтінін айтып қалды.
«Өлеңімді жазып тойларыма барып жүргім келеді. Беташарға баратын шығармын енді. Өйткені қазіргі қолыма алатын айлығым 800 мың теңге. Мен жасырмаймын ол менің отбасымды асырауға жетпейді. Қазір үлкен қызым оқуға түсетін болса, тіпті жетпей қалады.
Беташар деген бекітілген бизнес емес қой. Табаққа 200, 500 теңге салуы мүмкін. Ол сенің алатын көрімдігің ғой. Ол материалдық жағынан көп көмектеседі. Мен оны жұмыс деп емес, шығармашылық деп қабылдаймын. Кейде 70 мың, кейде 200 мың теңге болуы мүмкін. Кейде бермей де қалады», — дейді Зайытов.



